Алматыда такси жүргізушісі шетелдік туристен 200 мың теңге алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Роман Кулаков Фото: Роман Кулаков

Алматыда такси жүргізушісі шетелдік туристі әуежайдан хостелге 200 мың теңгеге жеткізген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда такси жүргізушісі шетелдік туристі әуежайдан хостелге 200 мың теңгеге жеткізген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

30 жастағы Роман Кулаков Алматыға досының тойына немістің Франкфурт қаласынан келген. Ол негізі Новосібір тумасы, алайда былтыр қаңтардан бері Германияда аспирантурада оқып, сонда тұрады екен.

30 сәуірде ол Қазақстанға келгенде келеңсіз оқиға болған. Оның ұшағы Алматы әуежайына 21:40-та қонып, бір сағаттай төлқұжат тексеру алаңынан өтіп, бірінші қабатқа түскен.

"Мен wi-fi-ға қосылып, брондалған хостелдің атауын білгім келді және такси шақырайын дедім. Ұзақ іздедім, бірақ таба алмадым. Жанымда адам көп еді, солардың бірі такси жүргізушісімін деп таныстырды. Өз қызметін ұсынды. Мен қала орталығына дейін қанша болатынын нақтыладым. Ер адам 1500 теңге болатынын айтты. Сосын мен банкоматтан ақша шешіп алайын дедім, өйткені менде тек 200 еуролық купюралар болды. Ол маған жолдан айырбастайтынымызды немесе басқа терминал табатынымызды айтты. Одан кейін біз оның көлігіне бардық, қара Mercedes, ол менің сөмкемді багажға салды", - дейді турист.

Саяхатшының айтуынша, жол ортасына жеткенде такси жүргізушісі банкомат жанына тоқтаған. Шетелдік азамат қолма-қол ақша шешпек болған, алайда оның картасы бұғатталған екен. Сосын Роман өз ақшасын теңгеге ауыстырмақ болады, алайда такси жүргізушісі мұндай уақытта ақша айырбастау пункттері жабық болатынын айтқан.

"Сосын мен хостелдің атауын есіме түсіріп, біз ары қарай жүрдік. Біршама уақыттан соң ол діттеген жерге келгенімізді айтты, алайда қандай да бір жазу болмады. Мен қанша төлеуім керектігін сұрадым. Ол маған 315 еуро болғанын айтты. Мен мұның алаяқтық екенін білдім, өйткені таксиде мұндай баға жоқ. Тіпті Франкфурттың өзінде ары кетсе 90-100 еуро төлейміз.

Мен жанжалдасқым келмеді, сөйтіп бағаны 200 еуроға дейін түсіруді сұрадым, себебі менде сондай купюралар бар еді. Бірақ ол өз дегенінен қайтпады. Мен багаждағы құнды заттарыма алаңдай бастадым. Сосын оның достары қараңғы жерде мені күтіп тұруы мүмкін деген ой келді. Кейін ол маған жабық тұрған ақша айырбастау пунктіне баруды ұсынды. Сөйтіп мен 400 еуромнан айырылдым. Соңында мен оған "осымен өмір сүруіңе тура келеді" деп айттым", - дейді шетелдік қонақ.

Роман Кулаков құқық қорғау органдарына барып, шағым түсірген. Көліктегі полиция департаментінің өкілдері Tengritravel.kz редакциясына осы істі тексеру жұмыстарын дереу бастағандарын мәлімдеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная