Алматыда полицей шетелдік әйелді итеріп жіберген сәт видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда полиция қызметкері қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді дөрекі түрде итеріп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда полиция қызметкері қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді дөрекі түрде итеріп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Бейнежазбада полицейдің қызмет көлігінің есігін қалай жаппақ болғаны, бірақ бірнеше әйел оған рұқсат бермей жатқаны көрінеді. Осыдан кейін ер адам олардың біріне дөрекі күш қолданады. Оның бұл әрекетіне ашуланған шетелдік әйелдер кейін адвокатты талап еткен.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық полиция департаментінен сұраған еді.

"Аталған іс бойынша қызметтік тексеру басталды. Департамент басшылығы полиция қызметкерінің дөрекі іс әрекеті үшін баға беретін болады", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная