Астана - Алматы рейсінің жолаушысы ұшақтан түсе бергенде есінен танып қалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Оқиға 14 қарашада 19:15-те Алматы халықаралық әуежайында болған. Ұшақ Алматы әуежайына қонғанда жас жігіт траптан түсе бергенде есінен танып қалды. Әуекемесінің экипажы алғашқы көмек көрсеткен. Кейінірек оқиға орнына жедел жәрдем келген.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!