Алматыда интернеттің дұрыс істемеуінен бірнеше рейс кешіктірілді

Алматыда интернеттің дұрыс істемеуіне байланысты бірнеше рейс кешіктірілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Air Astana мәліметінше, бүгін сағат 04:00-де Алматы әуежайында және ішінара Атырау әуежайында провайдерде интернет істен шығып, мәселе туындады.

Салдарынан жолаушыларды қолмен тіркеп, бұл Алматыдан таңертеңгі рейстердің орта есеппен 1,5 сағатқа кешіктірілуіне әкелді.

Интернет байланысы 08:40-та жаңартылды. Қазіргі уақытта әуетасымалдаушы рейстер кестесін біртіндеп қалпына келтіріп жатыр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!