Алматыдағы Ганди алаңында қайта жөндеу жұмыстарынан кейін орындықтар мен демалатын орындар жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жергілікті тұрғындарды ескі орындықтар қайда кетті және саябақта тұрғындар демалатын қондырғылар қайта орнататылама ма деген сұрақ мазалайды. Өйткені мұнда демалатындар көп - кішкентай балалары бар отбасылар мен зейнеткерлер.
"Алаңды қалпына келтіру жұмыстарынан кейін тұрғындар демалатын орын қалмады. Орындықтар мен құрылымдар жоғалып кетті! Қазір зейнеткерлер қайда отырады? Кішкентай балалы аналар қайда отырады? Мен бұл саябақ туралы бірнеше рет жазғанмын. "Қайта жөндейтіндер"! Орындықтар мен құрылымдарды орнына қайтарыңыздар!" – деп жазады жергілікті тұрғын Facebook әлеуметтік желісіндегі "Дежурный по городу" тобында.
Фото Facebook/Eлена Дуленко
Алмалы ауданының әкімдігі жағдайды түсіндірді. Аудан әкімдігі мәліметінше, Ганди саябағында 2023 жылы бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр: саябақты абаттандыру және автоматты суару жүйесінің құрылысы жүргізілді. Олардың айтуынша, саябақты жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған.
"Саябақты абаттандыру үшін қолданыстағы жабындарды жаңартуды, ойын алаңдарын жаңартуды (қоқыс жәшіктері, орындықтар, жарықтандыруды жаңғырту, құрылымдар орнату және т.б.) көздейтін "Халық қатысатын Бюджет" жобасы аясында жұмыс жүргізетін мердігер – ұйымды анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп жатыр. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары аясында көше жиһаздарының ескі элементтері демонтаждалған. Байқау қорытындысы шығарылып, мердігер анықталғаннан кейін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - деп хабарлады Алмалы ауданының әкімдігі.
Әкімдік жұмыс биыл қазанда аяқталады деп сендірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!