Алматы тауларында 10 қар көшкіні жүрді

Алматы тауларында 10 қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Қазселденқорғау" мәліметіне сілтеме жасап.

"2024 жылғы 17 сәуірде Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінің қар көшкін жинағыштарында жалпы көлемі 55320 текше метр болатын 10 көшкін өздігінен шықты. Зардап шеккендер мен қираулар болған жоқ", - делінген хабарламада.

"Қазселденқорғау" ММ қар көшкіні қаупінің жоғары дәрежесіне байланысты таяу күндері тауларға бармауды ұсынады.

Еске салайық, 16 сәуірде "Қазселденқорғау" диспетчерлері Медеу ауданындағы (таулы қалашық аймағы) қар көшкіні жүретін жерлерде көлемі 4000 текше метр қар көшкіні болғанын хабарлаған болатын. Қар массасы өзен арнасында тоқтаған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!