Алматы-Ташкент теміржол рейсінің жаңғыртылған күні аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалы қайта жанданды. Бірінші кезеңде пойыздар екі бағыт бойынша іске қосылады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz тілшісі "Узбекистон темир йуллари" АҚ-ға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалы қайта жанданды. Бірінші кезеңде пойыздар екі бағыт бойынша іске қосылады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz тілшісі "Узбекистон темир йуллари" АҚ-ға сілтеме жасап.

2022 жылдың 15 мамырынан бастап №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс-Бейнеу-Нүкіс бағыты бойынша қатынай бастайды. Ал осы жылдың 16 мамырынан бастап Алматы-Ташкент-Алматы бағытындағы №1/2 пойызы рейске шығады. Жоғарыда аталған рейстердің Ташкент-Орталық теміржол вокзалынан Қазақстанға қатынау жиілігі аптасына 3 реттен болады.

Билеттерді электронды форматта және теміржол кассаларында сатып алуға болады. Электрон билетті сатып алу кезінде жолаушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту үшін оларды А4 форматындағы қағазға басып шығаруы қажет.

Қазақстан Республикасына өткізу пункттері арқылы келген барлық адам ПТР әдісімен (қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде) COVID-19 тестінен өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті. Анықтама ПТР қорытындысы ҚР мемлекеттік шекарасын кесіп өткенде 72 сағаттан аспауы керек.

Анықтаманы ұсыну талап етілмейді:
- 5 жасқа дейінгі балаларға, тек оларды ертіп жүретін адамдарда осындай анықтама болуы керек,
- Қазақстан Республикасы үкіметтік делегацияларының мүшелеріне,
- локомотив бригадаларының мүшелеріне, теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметіне байланысты адамдарға,
- егер екінші компонентті алғаннан кейін Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен сәтте алты айдан аспаған болса, құжаттық растауды ұсынған кезде Қазақстан Республикасында ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған адамдарға,
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған, COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы паспорт/сертификат/анықтама ұсынған адамдарға.

Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан, сондай-ақ Әзербайжан Республикасының, Молдова Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының аумағынан кіретін адамдар анықтаманы "COVID-19-сыз саяхаттаймын" мобильдік қосымшасын пайдалана отырып ұсынады.

Дене қызуы жоғары болып келген адамдар, анықтаманың болуына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулануға жатады.

Айта кетейік, бұған дейін теміржол компаниялары сапарларды іске қосудың басқа күндерін атаған болатын.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная