Алматы ШЫҰ мәдени және туристік астанасы ретінде қолдау тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/selyutinm © pixabay.com/selyutinm

Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің министрлері 2023-2024 жылдарға ұйымның мәдени және туристік астанасы ретінде Алматы қаласын бекіту туралы ұсынысты қолдады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің министрлері 2023-2024 жылдарға ұйымның мәдени және туристік астанасы ретінде Алматы қаласын бекіту туралы ұсынысты қолдады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Асхат Оралов Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлерінің кеңесіне қатысты. Онлайн-кездесуге Үндістан, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Пәкістан өкілдері де қатысты.

Министр Асхат Оралов Алматы қаласына ШЫҰ-ның 2023-2024 жылдарға мәдени және туристік астанасы мәртебесін беру туралы мәселені көтерді.

"Мен Кейн мырзаға және барлық қатысушыларға біздің бастамамызды қолдағаны үшін алғыс айтамын. Бүгінгі таңда біз Алматы қаласында 14 іс-шараны көздейтін жоспар әзірледік. Бұл халықаралық туристік және мәдени фестивальдар, сондай-ақ марафондар. Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығы да ауқымды мәдени бағдарламамен сүйемелденетін болады. ШЫҰ елдерімен барлық салада, оның ішінде туризм бағыты бойынша да ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың оң серпіні байқалады. Алматының мәдени және туристік астана ретінде бекітілуі туризм саласындағы көрсеткіштерді жақсартады. Баршаңызды Қазақстанға келіп, еліміздің көрікті жерлерімен және мәдениет саласындағы жұмысымыздың нәтижелерімен танысуға шақырамын", - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Айта кетейік, Қазақстан 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың шілдесіне дейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная