Алматы-Орал ұшағында жолаушы ұсталды: видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматы-Орал рейсінде жолаушы ұсталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды.


Алматы-Орал рейсінде жолаушы ұсталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды.

"Алматыдан Оралға ұшатын рейсте жолаушының қалжыңы салдарынан келеңсіздік туындады. Жігіт әлеуметтік желілерге видео түсіруді ұйғарған, бірақ оның әрекеттері рейстің кешігуіне әкелді. Бортқа авиациялық қауіпсіздік өкілдері шақырылып, кинологтармен бірге тексеруге келді. Жолаушы мән-жайды анықтау үшін қамауға алынды", - делінген видеоның сипаттамасында.

Видеодан жігіттің қорқып, абдырап қалғаны көрініп тұр. Оны ұшақтан алып, арнайы көлікпен алып кеткен. Оқиғаға байланысты рейс бір сағатқа кешіктірілді.

Көліктегі полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір берді.

"Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа да ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel