Алматы облысында Ыстық көл мен Ассы-Түрген обсерваториясына апарар тасжол жабылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Бұл туралы Төтенше жағдай департаменті бірыңғай кезекші - диспетчерлік қызметтің СМС-хабарламасында айтылған.
Түрген жолының 20-41 шақырымы 4 мамырдан бері жабық. Себеп - көшкін жүру қатері. Жол тек 20 мамырда ашылады деп жоспарланған.
4 мамыр мен 20 мамыр аралығы Ыстық көлге апартын тасжолдың 7-15 шақырым да жабық болады. Мұның да себебі көшкін жүру қаупі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!