Алматы облысында таудан өздігінен түсе алмаған жігіт пен қыз құтқарылды

Республикалық жедел-құтқару жасағы Рахат шыңына барар жолда таудан түсе алмаған туристерді құтқарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 

20 шілдеде Алматы облысының Талғар ауданы, Ақбұлақ тау курорты аумағында 2003 жылғы жас жігіт пен 2006 жылғы қыз бала жаяу "Рахат" шыңына шығуға бел буған. Олардың серуені түсте басталған, алайда олар мақсатты жерлеріне жеткенде айналаны қараңғы басып, кеш батады.

"22 сағат 15 минутта 7 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы соның iшiнде бір кинологиялық есептоп бірден жолға шықты. Бір сағатта РЖҚЖ құтқарушылары Ақбұлақ тау курортындағы іздестіру жұмыстарына кірісті, іздеу жұмыстары тәуліктің түнгі уақытымен күрделене түсті. 2,5 сағаттан кейін РЖҚЖ құтқарушылары жастарды биіктігі 3400 метр болатын Рахат шыңынан тапты, оларға барлық қажетті көмек көрсетті", - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Республикалық жедел-құтқару жасағы" ММ баспасөз қызметінің  хабарламасында. 

Екі сағатта құтқарушылар туристерді қауіпті аймақтан түсірген. Таңғы уақытта РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккендерді Ақбұлақ базасына РЖҚЖ көлігімен жеткізген.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!