Алматы облысында Түркістан сілеусіні көзге түсті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Жоспарлы рейдтік іс-шара барысында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (МҰТП) инспекторлары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін Түркістан сілеусінін кездестірді", - делінген хабарламада.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мәліметінше, бұл оқиға аймақтың биоалуантүрлілігі мен экожүйесін сақтауға бағытталған шаралардың тиімділігін растайды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!