Алматы облысы KITF-2022 көрмесіне қатысады

Алматы облысы туризм басқармасы мен Алматы облысының Zhetysu Travel туристік-ақпараттық орталығы бірлесіп, Қазақстанның халыхаралық KITF-2022 көрмесіне стендтер даярлады. 

Бұл процестің неғұрлым ашықтығын әрі мөлдірлігін қамтамасыз ету үшін, Алматы облысының туризм басқармасының және Zhetysu Travel-дің өкілдері 2022 жылдың 20-22 сәуірінде "Атакент" қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында өтетін KITF Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысады. KITF-2022 көрмесіне өңірдегі ішкі туризмді ілгерілету және оның бағдарламаларын қайта іске қосу үшін арнайы дайындалған тақталар қойылады.

Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысудағы басты мақсат отандық туристік өнімді ілгерілету болмақ. Өңірдің туризм басқармасында хабарлағандай, Алматы облысының және Қазақстанның басқа облыстарының тұрғындары туған жерге, әсіресе, Орта Азияның кіндігі болып табылатын Жетісуға саяхат жасаудың мүмкіндіктерін көп біле бермейді.


Фото Zhetysu Travel

KITF Қазақстандық халықаралық көрмесіне туристік операторлар мен туристік агенттіктер, авиакомпаниялар мен авиаагенттіктер, ұлттық және өңірлік туристік ұйымдар, орналастыру нысандары, емдеу-сауықтыру және медициналық орталықтары, туризмдегі IT-технологиясын жасаушылар мен жеткізушілер, сондай-ақ шетелде жылжымайтын мүлкі бар және туристік сала бойынша қызмет көрсететін компаниялар қатысады. "Атакент" көрме орталығында қойылған тақталардың арасында шетелдік өкілдіктерді де - Индонезия елшілігін, Таиланд туристік басқармасын, "Жапония туризмі" компаниясын табуға болады.

KITF-2022 көрмесіне Алматы облысынан бес ұлттық парктің тақтасы қойылады. Олар - "Іле Алатауы" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі,"Алтын емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, "Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және "Жоңғар Алатауы" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Сондай-ақ саланың серпінді жобаларының таныстырылымына "Алтын Адам Жетісу шеберлер орталығы" қоғамдық бірлестігі,  Limon Travel және Jetysu Camping туристік компаниялары, Alakol Resort отелі, тау басында орналасқан "Ақ бұлақ" шипажайы,  "Oi-Qaragai" отбасылық және таулы шипажайы сияқты ұйымдар да қатысады. Әсіресе, келушілерді "Жоңғар Алатауы" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің тақтасы мен жаңа ауысымда туристерге ұсынылатын қызмет түрлері, сондай-ақ туристік операторлар мен Алакөл көлінің жағасындағы қонақүйлердің көптігі қызықтырары анық.


Фото Zhetysu Travel

Айта кетейік, Алматы облысы - Қазақстандағы табиғаты тамаша өңір. Заңғар таулары мен дархан даласы, көгілдір көлдері мен шөл далалары Жетісу табиғатының қайталанбас ландшафтын құрайды. "Жетісу" сөзі қазақ тілінде "жеті өзен" деген мағынаны береді, бұрын бұл жер қазақ ақындарының шабытын шалқытып, тамаша өлең-жырларына арқау болған. Ақындардың өз шығармаларында Жетісуды жер жәннатына теңеуінің де өзіндік себебі бар. Өйткені мұндағы тамылжыған табиғат Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда, кең-байтақ даланың ортасындағы жәннат бақшасындай әсер қалдырады.

Облыс шекарасының бойымен шетсіз-шексіз Балқаш, қызылды-жасылды Алакөл, суы шипалы Жалаңашкөл сияқты еліміздің ең үлкен өзен-көлдері тізбектеле ағып жатыр. Арналы тау өзендері әрі қарай Жоңғар Алатауының және солтүстікте  Тянь-Шань тауларының, оңтүстікте Іле Алатауы мен Күнгей Алатаудың жоталарымен  бұралаңдай ағады.

KITF Қазақстандық халықаралық көрмесі 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Еліміздің туристік саласындағы басты оқиға болып есептелетін бұл экспозиция Орта Азиядағы туризм бойынша ең ірі кәсіби алаң болып табылады. Алаң B2B халықаралық стандарттарға сай келгендіктен, KITF көрме индустриясын сарапшылар UFI (Дүниежүзілік көрме индустриясының қауымдастығы)  сапа белгісіне лайық деп таныды.


Фото Zhetysu Travel

KITF аясында халықаралық деңгейдегі меморандумдарға, келісімдерге қол қою, елдердің арасындағы өңіраралық және шекаралас ынтымақтастық бағдарламаларын, сондай-ақ республикалық кеңес, пленарлық мәжіліс, роуд-шоу, семинарлар, таныстырылымдар және басқа ла салалық шаралардың өткізілуі көрменің Қазақстан мен Орта Азияның туристік индустриясы үшін тиімді екенін көрсетеді.

KITF экспозициясының оң динамикасы туристік қызмет көрсету нарығының индикаторы болып табылады. Өткізіліп келе жатқан 19 жылдың ішінде көрмеге әлемнің 63 елінен келген компаниялар мен ұйымдар қатысты. Дәл осы жерде нарықтың сұранысы мен тұтынушының мүддесіне баға беріледі, бәсекеге қабілетті ортаны зерттейді, пайда көлемін ұлғайтудың жаңа әдістерін табады.


МАТЕРИАЛ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАО ҚОЛДАУЫМЕН ӘЗІРЛЕНДІ