Алматы облысы бойынша этно-бағыттағы гастро-турға қалай шығуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото @instagram.com/nomad.ec Фото @instagram.com/nomad.ec

Көшпелілер асханасы көшпелі өмір салтының ажырамас бөлігі екені анық. Ол барынша құнарлы, дәмді және алуан түрлі болғандықтан, ата-бабаларымыздың мидай жазық далада тоңбай, ұзақ жол жүруге және жойқын физикалық күшті қажет ететін басқа да іс-әрекеттерді орындауға көп септігін тигізді. Бірақ қазақтың дәстүрлі ойын-сауығы мен ұлттық тағамдарын көру үшін шалғайға, көшпелі өмір салтына түсудің қажеті жоқ. Zhetysu Travel сізге еркіндік пен қонақжайлылықтың таңғажайып атмосферасына тәнті болатын бірнеше орындар туралы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Көшпелілер асханасы көшпелі өмір салтының ажырамас бөлігі екені анық. Ол барынша құнарлы, дәмді және алуан түрлі болғандықтан, ата-бабаларымыздың мидай жазық далада тоңбай, ұзақ жол жүруге және жойқын физикалық күшті қажет ететін басқа да іс-әрекеттерді орындауға көп септігін тигізді. Бірақ қазақтың дәстүрлі ойын-сауығы мен ұлттық тағамдарын көру үшін шалғайға, көшпелі өмір салтына түсудің қажеті жоқ. Zhetysu Travel сізге еркіндік пен қонақжайлылықтың таңғажайып атмосферасына тәнті болатын бірнеше орындар туралы баяндайды.

Мысалы, Алматы қаласына жақын, ашық аспан астында Үшқоңыр тауының етегінде Nomad этноорталығы – ерекше тарихи-этнографиялық кешені орналасқан. Онда болған туристер қаланың қарбаласынан демалатын осынау көркем тау бөктерлерін естеріне ұзақ алып жүрері сөзсіз. Этноорталықта сіз таза ауамен тыныстап, қымыз ішіп қана қоймай, қазақи төрт киіз үйдің бірінде дем ала аласыз, олардағы интерьер бұйымдармен де танысуға болады.

Серуендеуді сүйетіндер үшін Nomad қызметкерлері көшпелілер қолөнерімен, атап айтқанда, кілем тоқу өнерімен таныстыратын қызықты экскурсиялық бағдарламалар дайындады. Белсенді демалуды ұнататындар әртүрлі тақырыптағы шеберлік сабақтарына қатысып, соның ішінде садақ ату жаттығулары, сақ, үйсін, қаңлы тайпаларының соғыс жүргізудегі тиімді әдістері мен сауыт-сайман, қару-жарақтарымен таныса алады.

Ал жаны нағыз шытырман оқиғаны сүйетін туристерді кез келген уақытта көмектесіп, жөн сілтейтін нұсқаушылар тау аралап атпен серуендетеді, этноорталық шабандоздары, жыл сайынғы "Ұлы Дала руxы" этномәдениет фестивалінің кәсіби қатысушылары тілек білдірген қонақтарға қазақтың ұлттық ойыны "Теңге алу" ойынын үйретуге әрдайым қуана келіседі.


Фото @instagram.com/nomad.ec

25 келілік сауыт киіп, нағыз қылышпен айқасып, одан соң 60 келі садақтан оқ атқаннан кейін, жаңа сойылған малдың жас етінен дайындаған қуырдақ пен ыстық бауырсақ, пештен жаңа түскен таба наннан дәм татуға болады. Бұл дәстүрлі бидай нанын қышқыл қамырға талқан майын қосып пісіреді, дәмін бір татқаннан кейін, сіз бойыңызға ерекше күш-қуат жинайсыз.

"Біз қонақтарымызға әр дәуірдегі жауынгерлердің ат үстіндегі  шайқастары мен шерулерінің куәгерлері ғана емес, тікелей қатысушылары болуға мүмкіндік береміз. Біздің орталықтың ерекшелігі – көне заман атмосферасына еніп қана қоймай, оны сезіне алуымызда. Этноцентр жәдігерлерді ұстауға тыйым салып және тек қарауға ғана рұқсат беретін ашық аспан астындағы мұражай емес. Керісінше, біз әрбір адам өзін көшпенді ретінде сезінуі үшін барлық жағдайды жасаймыз. Сонымен қатар, этноцентр Талғар шыңынан Суықтөбеге дейінгі Іле Алатауының айқын көрінісін тамашалауға болатын атпен серуендеуді ұсынады!", - дейді этноорталық әлеуметтік желілерінде.

Өзіндік рухы бар тағы бір қызықты жер – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылдық округінде орналасқан "Қыран" ұлттық дәстүрлі аңшылық орталығы. Бұл Есік қаласынан бір-екі шақырымдай жерде, Іле Алатауының етегінде орналасқан тамаша орын. Мұнда 15 және одан да көп адамнан тұратын туристік топқа осынау тамаша бағдарламаны көруге толық мүмкіндік жасалған.

Демалыс бағдарламасына бүркітшінің жыртқыш құстарымен аң аулау өнерімен танысу, тіпті бүркіттің аңшылық қасиетін тамашалау үшін шырға қойып, көрсетеді. Мұның бәрі халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен өтеді. Саятшылық өнерінің барлық қыр-сырына қанық болған соң, теңдесі жоқ көріністері бар Іле Алатауының бойымен жаяу немесе атпен серуендеуге, жаттықтырушының жетекшілігімен садақ атуға, асық ойнауға, дәстүрлі алтыбақанда тербеліп, бүркітпен де суретке түсуге болады. Сонымен қатар, арқан киіз үйлерінде түнеуге болады, қонақтарға мангал, қазан және самауыр ұсынылады.


Фото @instagram.com/etno_aul_qyran

Әдеттегідей кәуаптан емес, сіз қазақтың ұлттық тағамы -  сірнеден дәм татып, қызықты күніңізді осылай тамаша аяқтауға болады. Сондай-ақ орталықта қазақтың дәмді және құнарлы тағамдары дайындалады: ет, қуырдақ, қазы, шұжық, ми палау, жал, жая, сүрленген ет және т.б. Айта кетсек, орталық өз қонақтарына көмірдің шоғына піскен бауырсақ пен көмбе нан пісіру бойынша шеберлік сабағын да өткізеді.

Ұлттық тағамдары мен ойын-сауықтарымен сізді таңғалдыратын үшінші орын - Алматы қаласынан 40 шақырым жердегі Новокаменное шатқалында Талғар қаласының сыртында орналасқан "Ғұндар" этнографиялық ауылы. 

"Этно-ауыл" мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге арналған жазғы лагерь негізінде отбасылық шағын демалыс пен жалпы демалысқа арналған. Лагерьде балаларыңыз атқа мінуді және атқа отыруды (ат спорты акробатикасын) үйренеді. Алма бағында атпен серуендейді, онда Іле-Алатау ұлттық саябағының сұлулығын тамашалап, туған жері жайында қызықты мәлімет алатын болады.

"Ғұндар" этнографиялық ауылына келгенде, сіз қызыққа толы жайма-шуақ күн өткізетініңізді айтқымыз келеді. Өйткені мұнда  жекпе-жек жаттығулары, қылыштасу, жаяу жорықтар, қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарымен танысу, түркі халықтарының тарихы бойынша лекциялар баяндалып, киізден,  былғарыдан бұйымдар жасау, ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі, сабақтарды білікті шебер мамандар мен оқытушылар жүргізеді.

Этноауыл аумағында жуынатын бөлме, душ, кондиционер және теледидармен жабдықталған жеті жайлы киіз үй орналасқан. Сіз бұрын-соңды мұндай жерде болмасаңыз да, өзіңізді жайлы сезінесіз. Мұнда сіз дәстүрлі киіз үй, тапшан, қазандық немесе мангалды, сондай-ақ басқа да қажетті заттарды жалға ала аласыз.


Фото @instagram.com/gunny_aul

Этноауыл аумағында орналасқан киіз үй-мейрамxанада сізді саумалмен (жаңа сауылған бие сүті) сыйлап қана қоймай, оның қала тұрғындарына қаншалықты пайдалы екендігі айтылады.

"Ғұндар" этнографиялық ауылының әлеуметтік желілерінде: "Мұндай емдік шараларды, әсіресе саумалды бие сауылғаннан кейінгі алғашқы 15 минутта ішкен дұрыс. Диеталық, ағзаға пайдалы тамақтар және таза ауамен тыныстау өте пайдалы. Осылайша, сіз күш жинап қана қоймай, денені дәрумендермен толықтырып, жақсы көңіл күйде боласыз," - деп кеңес береді.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная