Алматы - Минерал сулар рейсі 23 мамырда ашылады

Алматыдан Минерал сулар тікелей тұрақты рейс 23 мамырда ашылады. Ұшуды ресейлік "Азимут" әуекомпаниясы жүзеге асыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуе тасымалдаушысына сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, А4671 Минерал сулар – Алматы – Минералсулар рейсі аптасына екі рет - дүйсенбі және сенбі күндері орындалады.

Әр дүйсенбі:

А4671, Минерал сулар ұшу 23.20-да, Алматыға қону 06.10-да;

А4672, Алматыдан ұшу сағат 07.10-да, Минерал сулар қону сағат 08.45-те.

Әр сенбі:

А4671 Минерал сулар ұшу сағат 00:10-да, Алматыға қону сағат 07: 05-те
А4672, Алматыдан ұшу сағат 08:05-те, Минерал сулар қону сағат 09:35-те

Әр әуежай үшін жергілікті уақыт көрсетілген.

Қосымша алымдарды есептемегенде, бір бағытта 100 еуродан билеттер сатылымға түсті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!