Менің елім 11 маусым 2024 14:10

Алматы мен Шымкентке қатынайтын қосымша пойыздар іске қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚТЖ Фото: ҚТЖ

Астанадан Алматы мен Шымкентке қосымша пойыздар шығады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Астанадан Алматы мен Шымкентке қосымша пойыздар шығады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

№204/203 Астана – Шымкент және №202/201 Астана – Алматы бағыттары бойынша пойыздар 17 маусым мен 31 тамыз аралығында күн сайын жүреді.

"Ұлттық тасымалдаушы ыңғайсыздық тудырмас үшін жолаушылардан сапарын алдын ала жоспарлауды және билеттерді алдын ала сатып алуды сұрайды. Билеттер болмаған жағдайда жолаушылар билеттерді сату сайтында немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларында "Күту" тегін қызметін пайдалана алады", - деді баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!