Алматы - Баку әуе рейсі 6 қарашада қайта ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Әзірбайжанмен тұрақты тікелей рейстерді осы жылдың 6 қарашасында қайта бастайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Әзірбайжанмен тұрақты тікелей рейстерді осы жылдың 6 қарашасында қайта бастайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейстерді 7 қарашадан бастап Embraer Е190 - Е2 үлгісіндегі әуекемесінде аптасына екі рет жиілікпен Алматы - Баку бағыты бойынша "Эйр Астана" әуекомпаниясы орындайды.

"Әзербайжан Хава Йоллары" әуекомпаниясы Алматы - Баку бағыты бойынша рейстерді 2021 жылдың 6 қарашасынан бастап орындауды жоспарлап отыр. Рейстер А-319 типті әуекемесінде сенбі күндері аптасына бір рейс жиілігімен орындалады.

Баспасөз қызметіндегілер Әзірбайжанға рейстердің одан ары ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне және Әзірбайжанның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болатынын атап өтті.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниялар сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная