Алматы әуежайының жаңа терминалы қашан ашылады?

Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралло ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевпен бірлесіп Алматы халықаралық әуежайына барып, әуежайдың даму перспективаларын талқылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар ағыны 7.2 млн жолаушыны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18 пайыз ға артық (6,1 миллионадам). Өсу серпіні биыл да сақталып отыр, ағымдағы жылдың 8 айында 6,2 миллионжолаушы, бұл 22 жылмен салыстырғанда 37,7 пайыз ға артық (4,5 миллион жолаушы).

"Алматы әуежайының басшылығы 2024 жылдың тамызында аяқтауды жоспарлап отырған жаңа жолаушылар терминалын салу жөніндегі ірі инвестициялық жобаның ағымдағы жағдайы мен іске асырылу барысы туралы баяндады; қазіргі уақытта жоба 77 пайызға аяқталды", - делінген хабарламада.

Алматы әуежайында ең күрделі метеожағдайларда шектеусіз әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік беретін III B санатына (ИКАО) сәйкес келетін заманауи жабдық орнатылған.

"Қазіргі уақытта инвестор Алматы әуежайының жанармай құю кешенін жаңғыртуды жүргізуде және келесі жылдың екінші тоқсанында Jet A-1 маркалы авиаотынды пайдалануға көшу жоспарлап отыр", - делінген ААК хабарламасында.

Сондай-ақ, әуежай экологиялық таза авиациялық отынды (SAF) пайдалануға көшуге мүдделілігін білдіреді.
Алматы әуежайы жолаушылар және жүк тасымалы бойынша Қазақстанда көшбасшы, өңірде авиациялық хаб болу үшін әуежайда көлемді ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Кездесу барысында Николя Ралло әуежайдың ИКАО стандарттарына сәйкестігін арттыру бөлігінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды оң атап өтті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!