Алматы әуежайының жаңа терминалы қандай болады? Эскиздер

Алматы әуежайының жаңа терминалы қандай болатыны жайында эскиздер пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 

Мамандар жаңа халықаралық жолаушылар терминалының концептуалды дизайнын талқылады. 

Шараға Алматы қоғамдық кеңесінің өкілдері, архитекуралық және экологиялық ұйымдардың мамандары, құрылыс ұйымдарының өкілдері, түрлі әуекомпания өкілдері, кәсіпкерлер және Алматы тұрғындары қатысты. 

Қатысушылар жаңа терминалдың дизайны қандай болатыны жөнінде өз жобалары мен ұсыныстарын айтты. 2021 жылы мамырда Алматы халықаралық әуежайын сатып алған TAV Airports компаниясы жолаушылар терминалын салуды жоспарлап отырғаны белгілі. 

 

"Әуежай өкілдері нақты шешім шығарылуы үшін барлық ұсыныстар мен пікірлер ескерілетінін айтты", - деді әуеайлағының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминал салынады

Алматы әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Айта кетейік, жаңа жоба іске қосылған жағдайда қазіргі бар инфрақұрылым нысандарын қосқанда алматылық әуежай жылына 14 миллион жолаушыға қызмет көрсете алады.