Әлеуметтік желіде Алматы әуежайындағы жаңа терминалдың дәретханаларынан су ағып жатқаны көрсетілген видео пайда болды. Жағдайға әуе айлағының баспасөз қызметі түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Желіде ер адам Алматы әуежайының жаңа терминалында дәретханаларынан су ағып жатқанын көрсеткен видео қызу талқыға түсті. Кадрлардан дәретхананың еденін су басқанын көруге болады.
Әуекомпания өкілдері жаңа терминалдың дәретханаларынан су аққанын растады.
"Мәселе қала мен Талғар трактісі тарапынан сумен жабдықтаудың уақытша тоқтатылуына байланысты туындады. Сумен жабдықтау қалпына келтірілгеннен кейін, ашық күйде қалдырылған бірнеше биде крандары автоматты түрде қосылды. Техникалық қызмет барлық жабдықтың жарамдылығын тексерді және растады, ешқандай ақау анықталған жоқ. Біз жолаушылардан болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін биде крандарын ашық күйде қалдырмауды сұраймыз", – деп атап өтті баспасөз қызметі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!