Алматы әуежайында багажды ұзақ күту мәселесі қалай шешілетіні айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы әуежайында багажды тарату мәселесі қалай шешілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайында багажды тарату мәселесі қалай шешілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Алматы әуежайына келген жолаушылар багажын ұзақ уақыт күтуге тура келетініне жиі шағымданады. Әуежайдың президенті Альп Эр Тунга Ерсой бұл мәселенің шешімі табылғанын атап өтті.

Оның айтуынша, реконструкция аясында Алматы әуежайының ғимараты қайта құрылады деп жоспарланған. Бұл ретте ескі терминал тек ішкі рейстерге ғана арналатын көрінеді.

"Бірінші қабатта келушілерге арналған зал орналасқан. Мұнда багажды қабылдауға арналған кеңістіктің шектеулі екенін көреміз. Сол себепті, әсіресе, халықаралық рейстер өте көп болған кезде багаж залға жеткенше белгілі бір уақыт қажет болады. Негізі багаж салынатын карусельдің өзі өте қысқа. Біз багаж қабылданатын кеңістікті кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Осылайша біз көп багажды қабылдай аламыз. Сосын карусельді ұзартамыз. Жалпы адамдар багаждарын қабылдауы барынша ыңғайлы ету үшін жағдай жасаймыз", - деді Эрсой.

Сондай-ақ алдағы уақытта ескі ғимараттан төлқұжаттық және кедендік бақылауды алып тастайды екен.

"Біз төлқұжаттық бақылау аймағын халықаралық рейстер үшін пайдалана аламыз. Осының арқасында жолаушылардың күту залы кеңейеді. Жолаушылар емін-еркін отыра алатындай ыңғайлы аймақ жасақтаймыз. Мұның бәрі әуежайдағы реконструкциядан кейін қолжетімді болады", - деп уәде берді Альп Эр Тунга Ерсой Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная