Алматы әуежайында Air Astana әуекомпаниясының ұшағынан түтін шықты

Алматы әуежайында Air Astana әуекомпаниясының ұшағынан түтін шығып жатқан видео тарады. Азаматтық авиация өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ұшақтан өрт шықпаған.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында Air Astana әуекомпаниясының ұшағына қатысты ақпаратқа байланысты Алматы әуежайында өрттің жоқтығын хабарлаймыз. Алматы халықаралық әуежайының ақпараты бойынша, регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде қосалқы күш қондырғысының жұмысынан түтін шыққан. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!