Алматы әуежайы жұмысын қалпына келтіргеннен кейін алғашқы жолаушылар Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында сапар шекті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ішкі және халықаралық рейстер әуе компанияларының ұшу кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жүзеге асырылатын болады", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан - Алматы - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша келесі рейстерді орындау жоспарланып отыр:
"Эйр Астана"
KС-601 Алматы (10-40) - Нұр-Сұлтан (12-25)
Нұр-Сұлтан (13-25) - Алматы (15-05)
KС-609 Алматы (16-10) - Нұр-Сұлтан (17-55)
Нұр-Сұлтан (18-55) - Алматы (20-35)
SCAT
DV-713 Алматы (12-00) - Нұр-Сұлтан (13-40)
DV-714 Нұр-Сұлтан (14-40) - Алматы (16-05)
Qazaq Air
IQ-353 Алматы (06-55) - Нұр-Сұлтан (08-55)
IQ-354 Нұр-Сұлтан (09-35) - Алматы (11-25)
Сондай-ақ, бүгін Алматы әуежайынан "Эйр Астана" әуе компаниясының Коломбо - Алматы және Asiana Airlines әуе компаниясының Алматы - Сеул бағыттары бойынша халықаралық рейстерді орындау жоспарлануда.
Халықаралық рейстер кестесі:
KC916 Анталия - Алматы 21:32 - 08:35 - Эйр Астана
KC168 Коломбо - Алматы 04:30 - 11:35 - Эйр Астана
AAR5781 Алматы - Сеул 12:40 - 21:15 Asiana Airlines
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!