Алматы әуежайын қайта жөндеуге 780 миллион доллар бөлінеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Алматы халықаралық әуежайын кеңейту және жаңғырту инвестициялық бағдарламасының жалпы құны 780 миллион долларға бағаланды. Қаржыны халықаралық несие берушілер және инвесторлар бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы халықаралық әуежайын кеңейту және жаңғырту инвестициялық бағдарламасының жалпы құны 780 миллион долларға бағаланды. Қаржыны халықаралық несие берушілер және инвесторлар бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) баспасөз қызметінің мәліметінше, кредиторларлар Алматы халықаралық әуежайын кеңейту мен жаңғыртуды қаржыландыру шарттары туралы келісімге қол қойған. Кредиторлар тізіміне Еуразиялық даму банкі, Еуропалық Қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), халықаралық қаржы корпорациясы және DEG неміс инвестициялық корпорациясы кіреді. ЕАДБ әуежайға 40 миллион доллар бөледі, ал жобаның жалпы құны 780 миллион долларға бағаланған.

Әуежайдың жаңа иесі - TAV Kazakhstan компаниясы іске асыратын жаңғырту жобасына жаңа терминал салу және жұмыс істеп тұрған әуежайды жаңғырту, өткізу қабілетінің шектеулерін жою, маршруттарды дамыту, рейстер санын ұлғайту, клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар кіреді.

"2019 жылы пандемияға дейін Алматы әуежайы әуе көлігімен тасымалдаудың жалпы санынан жолаушылардың 64 пайыздан астамын және жүктердің 84 пайыздан астамын тасымалдады. Оны жаңғырту бүкіл елдің орнықты экономикалық өсуіне және халықаралық көлік-логистикалық инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, жоба мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, бұл да жоғары әлеуметтік мәнге ие. Бұл жоба ЕАЭО кеңістігіндегі халықаралық даму банктері әріптестігінің артықшылықтарын көрсетеді", - деді Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исенов.

Еске салайық, 2020 жылдың көктемінде TAV Airports Holding түрік холдингі Алматы халықаралық әуежайы акцияларының жүз пайызын сатып алған болатын. Мәміле 415 миллион долларға бағаланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная