Алматы әуежайы қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әуежайдың баспасөз қызметі Фото: Әуежайдың баспасөз қызметі

Алматы әуежайының баспасөз қызметі қала қонақтары мен тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Алматы әуежайының баспасөз қызметі қала қонақтары мен тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

2024 жылдың 2 тамызында Майлин көшесі жағынан әуежайдың негізгі кіреберісі мен шығаберісіндегі тұрақ жабдықтарын ауыстыру жұмыстары басталған.

"№1 және №2 кіру тіректері (шлагбаумдар), сондай-ақ №10 және №11 шығу тіректері уақытша жабылады. Жұмыстарды 2024 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған. Осыған байланысты жолаушылардан әуежайға алдын ала келулерін сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel