Алакөлдегі туристер шомылу кезінде оларқа қауіп төнетіні туралы мәлімдеді. Олардың айтуынша, катамарандар, қайықтар мен скутер иелері тура жағаға дейін жүзіп барып, ережелерді өрескел бұзады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Астаналық Нурика Ошақбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жергілікті әкімдік кеме тоқтайтын орын (айлақ) салуға баяғыда уәде берген, бірақ ол әлі жоқ екенін жазды.
"Қалтқы белгілер біресе көрінеді, біресе жоғалып көрінбей кетеді. Нәтижесінде жыл сайын төтенше жағдайлар орын алады. Өткен жылы соның салдарынан кісі өліміне әкелді. Қайықтардың иелеріне келер болсақ - бұл бөлек мафия, олар мұнда бейтаныс адамдар" мен өздерінің қайығымен келгендерді кіргізбейді", - дейді ол.
Үржар ауданы әкімдігінің хабарлауынша, қазір Алакөл көлінің жағалауында қайықтарға арналған арнайы орындар бар.
"Құтқарушылар да жұмыс істеп жатыр. Жағалау бойына бейнекамералар орнатылған. Өздерінің қайығымен демалуға келгендер дейсіз бе? Мен ол жөнінде білмеймін, сондықтан ештеңе айта алмаймын. Сұрағыңыз өте қызық екен. Әкімдік жұмыс жасап жатқан жоқ деп айтуға болмайды. 26 скутер иелері ескерту алды. Қайталаған жағдайда, оларға айыппұл салынады", - деді Үржар ауданы әкімінің орынбасары Әлия Сарбаева.
Оның айтуынша, барлық ескертуді полицейлер 15 маусымнан бастап, яғни Алакөлде туристік маусым ашылғалы бері хаттама бойынша ресімдеген. Егер бұзушылықтар қайталанса, су көлігінің иелеріне 2 АЕК (6 360 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
"Бүгінде коммуналдық жағажайдың бойында 400 қалтқы орнатылған. Сондай-ақ бір құтқару станциясы, жағалау бойында төрт құтқару мұнарасы бар. Көлемі шағын кемелердің кіруіне арналған орындар, қандай кемелердің кіре алатыны белгіленген, қай жерде шомылуға болатыны не болмайтыны туралы белгілер орнатылған. Алакөл көлінің жағалауы өте ұзын. Әрине, қалтқылармен толық қамтамасыз етуге үлгере алмай жатырмыз.
Қазір олар орталық бөлігінде, яғни коммуналдық жағажай мен демалушылар көп жерде орнатылған. Құтқарушылар қайықпен бүкіл жағалауды басынан аяғына дейін – шамамен бес шақырым жерді патрульдейді. Қауіпті жерлерде кезекшілер қойылған. Адам көп, үлгермейді, оның үстіне адамдардың бәрі қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді. Жақында жас жігіт теңіз дауылында жүзіп бара жатқанда суға батып кетті", - дейді Әлия Сарбаева.
Әкімдіктің мәліметінше, Алакөл жағалауына полиция департаментінен 44 адам және Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінен 12 адам іссапарға жіберілген. Сондай-ақ, көлді екі қайық күзетіп жүр. Қызметкерлер қауіпсіздік ережелері туралы еске салатын брошюралар таратады. «Үржарайым» балалар лагерінде және тағы екі демалыс аймағында екі азаматтық құтқарушы жұмыс істейді.
Семей қаласы ТЖ басқармасының ақпараты бойынша, Алакөл көлінде шомылу маусымы басталғаннан бері жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 21 адамға айыппұл салып, белгіленбеген орындарда шомылғаны үшін үш адамға ескерту алды.
Құтқарушылар азаматтарға ешқандай жағдайда айтылған ұсынымдарды естерінен шығармауға және оларға тез арада көмекке келе алатын жабдықталған жағажайларды таңдауға кеңес береді. Төтенше жағдай кезінде 112 және 101 нөміріне қоңырау шалу керек.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!