Алакөлде шомылған ер адам ауыр жарақат алды

Әлеуметтік желіде демалыс кезінде жарақаттанған ер адамның видеосы таралып жатыр. Белгілі болғандай, ролик Алакөлде түсірілген. Ер адамның жағдайы туралы Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға 30 шілде күні Алакөлдегі демалыс кезінде болған.

"Бүгін Алакөлде су мотоциклі ер адамды қағып кетті, зардап шегушінің аяғы жұлынып кетті. Мән-жай анықталып жатыр", - делінген видеожариялым сипаттамасында (балалар, жүкті және жүйкесі әлсіз адамдарға көруге болмайды).

Көпшілік бұл оқиғаға қатысты наразылықтарын жазды.

"Қауіпсіздік нөл. Адам қорғалмайтын жерде туризм ашып не керек", "Кінәліні соттау керек", "Емделіп кетсін", - деп жазыпты адамдар пост астына.

Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқарасының баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен ер адам 1984 жылы туған. 30 шілде, сағат 16:00-де оны (Алакөлдің ОАА-ға жеткізген). Қазіргі таңда оның жағдайы өте ауыр.

"Жамбастың травматикалық ампутация с/3. Сол жақ саны бірнеше жерден үгіле сынған, тізе буыны сынған. 3-4 деңгейдегі травматикалық шок. Ауыр дәрежедегі геморагиялық шок. 31 шілдедегі жағдайы өте ауыр", - делінген баспасөз хабарламасында.

Оқиғаға қатысты полиция да пікір білдірді.

"Оқиға бойынша Алакөл аудандық полициясы анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс аудандық полицияның ерекше бақылауына алынды", - делінген Жетісу облысы ПД хабарламасында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!