Скутер мінген әйел теңізде ер адам мен оның баласын құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Squirrel_photos © pixabay.com/Squirrel_photos

Ресейдің Владивасток қаласының бухталарының бірінде скутер мінген әйел қайықтан құлап кеткен ер адам мен оның жеті жасар баласын құтқарды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Новости Владивостока и не только" Telegram-каналына сілтеме жасап.

Алена есімді қыз еңбек демалысында Моргородка ауданына барған. Скутер мініп ашық теңізге шыққанда ол ауа райының қолайсыздығынан қайықтан суға құлап кеткен ер адамды көреді, ал қайықта жеті жасар бала отырған. Ол дереу суға сүңгіп баланы скутерге отырғызған, сосын оның әкесін де құтқарған.

Куәгерлердің айтуынша, осы жағдайды жағада тұрған катерлердің иелері көріп тұрған, алайда оларды құтқару үшін ешқандай әрекет істемеген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel