Ақтөбе әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты қанша рейс кешіккені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Әлия Молдағұлова атындағы әуежайдан 10 рейс ұшып шығуға және қонуға тиіс болған.
"Қазір Ақтөбе әуежайында келесі әуекомпаниялардың 4 рейсі кешіктірілуде: FlyArystan КС7191/7192 "Алматы-Ақтөбе-Алматы", Qazaq Air IQ399/395 "Астана-Ақтөбе-Атырау", SCAT DV727/728 "Астана-Ақтөбе-Астана", Qazaq Air IQ396/400 "Атырау-Ақтөбе-Астана". Әуежайдағы жағымсыз жағдайға Ақтөбедегі метеожағдай себеп болды", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан анықтама бюросына немесе әуекомпаниялардың call-орталықтарына хабарласып, жаңартылған ақпаратты нақтылауды сұрады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!