Ақтөбе облысында шетелдіктер отбасы жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Бір отбасынан шыққан Тәжікстанның төрт азаматы, оның ішінде 15 жастағы қыз бен нәресте Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бір отбасынан шыққан Тәжікстанның төрт азаматы, оның ішінде 15 жастағы қыз бен нәресте Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 21 маусымда таңғы сағат 8:15 шамасында Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент автожолының 631 шақырымында болды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай, автокөлікті аударып алған.

Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала оқиға орнында қайтыс болды. Алты адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізіліп, онда тағы 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, аударылған көлікте сегіз адам болған. Оның жетеуінің тегі бірдей болған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная