Red Wings әуекомпаниясы шілдеде Мәскеуден Ақтөбеге ұшуды бастайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушының сайтына сілтеме жасап.
Red Wings мәліметінше, бұл бағытта сыйымдылығы 100 орындық ресейлік SSJ 100 лайнерлері іске қосылады. Рейстер Жуковский халықаралық әуежайынан (Мәскеуден оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым) орындалады.
Мәскеу - Ақтөбе рейстері 29 шілдеде басталып, жұма күндері, ал Ақтөбе - Мәскеу рейстері 30 шілдеден сенбі күндері орындалады.
Айта кетейік, Ақтөбе Red Wings Мәскеуден ұшатын Қазақстанның төртінші қаласы болады. Сәуірден бастап әуекомпания Жуковскийден Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына, шілдедің басынан бастап Ақтауға рейстер орындайды.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!