Ақтөбе әуежайы жөндеу жұмыстарынан кейін жұмысын қайта бастады. Бұл туралы әуе айлағының баспасөз қызметі жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Әуежай ұшу-қону жолағының ақауларына байланысты 17 наурыздан бастап жөндеуге жабылған болатын.
"Қазақстанның авиация әкімшілігінің шешімімен 15 сәуірден бастап Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайында жасанды ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру кезеңінде белгіленген барлық шектеу алынып тасталады. Осыған байланысты әуежай шектеусіз тәулік бойы жұмыс режиміне ауысады. Жақын арада барлық ішкі және халықаралық рейс қалпына келтіріледі", - деп хабарлады Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі.
"Қазақстанның авиация әкімшілігі" АҚ мәліметінше, тексеру барысында ЖҰҚЖ (жасанды ұшу-қону жолағы - авт.), оның ішінде жасанды жабынның бұзылуы, жиектердің сынығы, жарықтардың, бетон плиталарының қабыршақтануының, шығып тұрған арматурасы бар учаскелердің болуы секілді ақаулар анықталды.
Ақтөбе әуежайының өкілдері барлық ескерту жойылатынын мәлімдеді.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!