Ақтау іргесіндегі Қаракөл көліне қоқиқаздар келді. Блогер Азамат Сәрсенбаев әсерлі видео жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Құстардың осы уақытта дәстүрлі мекені – Қаракөл көліне келуі ақтаулықтар үшін таңғаларлық жағдай емес. Бірақ құстардың түсі көпшілікті таңғалдырған. Неге қоқиқаздар сұр?
Қазақстандағы қоқиқаздардың қоныс аударуын көптен бақылап жүрген Азамат Сәрсенбаев бұл құбылысты түсіндірді.
"Сұр - бұл қоқиқаздың нағыз түсі, олар туғанда сұр болады және біртіндеп тамақтанудың арқасында (белгілі бір пигменттері бар балдырлар мен шаян тәрізділермен қоректенеді) есейген сайын қызғылт және қызыл түске боялады", - деп жазды ол.
Сәрсенбаев құстардың Маңғыстау облысына екі рет ұшып келетінін атап өтті: қыркүйектің ортасынан бастап қарашаның аяғына дейін, екінші рет наурыздың басында келіп, мамырдың ортасына дейін сонда болады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!