Ақтаудағы қонақүй аумағынан Торыш алқабынан алынған тастар табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суреттерді қонақүй әкімшілігі жіберді Суреттерді қонақүй әкімшілігі жіберді

Желіде қазақстандық әйелдің видеосы талқыланып жатыр, онда Маңғыстау облысы Торыш алқабының танымал шар тәрізді тастары Ақтаудағы қонақүйлердің бірінен табылған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде қазақстандық әйелдің видеосы талқыланып жатыр, онда Маңғыстау облысы Торыш алқабының танымал шар тәрізді тастары Ақтаудағы қонақүйлердің бірінен табылған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қыз бала қонақүй маңынан өтіп бара жатып, тастарды байқап қалған.

"Бұл Caspian Riviera ("Каспиан Ривьера") қонақүйіне кіреберіс. Бұл қонақүйге кіреберісте не көріп тұрмыз? Бұл Шарлар алқабының тастары. Білесіздер ме, Алқапта мұндай дөңгелек тастар қалмады. Себебін білетін шығарсыздар? Барлығын осылай тасып алған. Біршамасын осы қонақүйге жеткізген", - дейді видеоның авторы Татьяна Николаева.

Редакция жоғарыда аталған қонақүй әкімшілігінен осы жағдайға қатысты пікір білдіруін сұрады. Басшылығы бұл қонақүйдің қоғамдық орын және туристік нысан екенін мәлімдеді.

"Қонақүйде көптеген айтулы халықаралық ивенттер өтті, спорттық, мәдени және іскерлік және мемлекеттік маңызы бар кездесулер ұйымдастырылды. Өңіріміздің танымалдылығын арттыру біздің қонақүйдің басты мақсаты болды, яғни мемлекет туризмді дамытуға назар аударғанға дейін біз әрекет ете бастадық.

Аздаған шар конкрециялары - бұл да өңірдің танымалдылығын арттыру үшін жасалған әрекет. Шетелдік қонақтарға көрсету үшін, үкіметтік делегаттардың күнтізбесі толық жазылған, сол себепті олар біздің қонақүйдің маңынан көре алады. Осылайша, біз өңіріміздің сұлулықтарын көрсетіп, саяхаттауға ынталандырамыз. Бұдан артық бірдеңе ойлап табуға бола ма?", - деді қонақүй директоры Раушан Хамитова.

Оның айтуынша, шарлар тек қонақүй декоры ретінде ғана пайдаланылады.

"Біз конкрецияларды өңір территориясынан тысқары шығарып жатқанымыз жоқ, біз оны сатпаймыз және құрылыс материалы ретінде қолданбаймыз. Оны тек ең жақсы мақсатта қолданамыз: қонақтарымызға көрсетіп, олардың біздің өңірге деген қызығушылығын оятамыз. Оларды шамамен 10 жыл бұрын халықаралық ивент үшін жеткіздік, содан бері ол қаз қалпында тұр. Өз әрекетімізбен ешқандай мемлекеттік және моральдық заң бұзбадық", - дейді ол.

Бұл Маңғыстау облысында Шарлар алқабынан тастарды тиеп алып кетудің бірінші жағдайы емес. Осыған дейін қазақстандық блогерлер белгісіз біреулердің ерекше тастарды жүк көлігіне тиеп жатқанын видеоға түсірген болады. Кейін резонанс тудырған видеодан кейін тастар орнына қайтарылды.

Сол кезде біздің редакцияға Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары жағдайды былай түсіндірді: "бүгінде кінәлілерді заң бойынша жазалау мүмкін емес, өйткені "шарлар алқабы" Торыш әлі күнге дейін заңмен қорғалмайды және қорық аймағы болып табылмайды".

Редакция тілшісі осы жағдай бойынша Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сауал жолдады, ведомствода дәл осы өңірлік әкімдік шарлар алқабының мәртебесін анықтау мәселесімен айналысуы тиіс деп жауап берді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная