Ақтауда шетелдік туристерді арнайы салым төлеуге міндеттейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауға демалуға келетін шетелдік туристер арнайы салым төлейтін болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауға демалуға келетін шетелдік туристер арнайы салым төлейтін болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Мұндай шешім Ақтаудың қалалық мәслихатының отырысында қабылданды және көп ұзамай іске асырылады. Салым көлемі қаладағы бір күн қыдырудың бір пайызын ғана құрайды. Мұндай туристік салым көптеген елдерде барын айта кетейік.

Ал кейінгі екі жылда Ақтауда туристер саны арта түскені белгілі. 2021 жылы аймаққа 29 мың шетелдік келіп демалса, келесі жылы бұл көрсеткіш 41 мың демалушыға дейін жетеді деп күтіледі.

"Салым қонақүйлер немесе турфирмалар арқылы алынады. Бұл қаржы қосымша биотуалеттер қоюға, жарнамалық брошюрашалар санын көбейтуге, фестиваль ұйымдастурға және туристік салаға байланысты басқа да көптеген заттарға жұмсалады", - дейді қалалық мәслихаттың депутаты Гүлмира Әбішева.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная