Ақтауда сапбордшыларды теңіз ағыны алып кетті

Ақтауда сапбордшыларды теңіз ағыны алып кетті. Жасөспірімдер құтқарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Құтқарушылар мәліметінше, 112 нөміріне 22 шілдеде 20:50-де қоңырау түскен. ТЖД-ның қайықтағы қызметкерлері балаларды құтқаруға аттанды.

2006 және 2007 жылғы балаларды теңіздің ағысы жағадан 1,5 шақырым жерге алып кеткен. Олар аман-есен құтқарылды. Медициналық көмек қажет болмады.

Сапборд - жүзуге арналған ескегі бар тақта, сервинг тақтасына ұқсас.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!