АҚШ-тың Астанадағы елшілік аумағына киіз үй тігілді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Астанадағы АҚШ елшілігінің аумағына киіз үй орнатылды. Шараға АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм де қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы АҚШ елшілігінің аумағына киіз үй орнатылды. Шараға АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм де қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дипломатиялық департаменттің Instagram желісінде киіз үй орнатылған видео пайда болды. Жазбада Розенблюмнің "елшілік ауласында қазақ үйін орнату рәсіміне үлкен қуанышпен белсене қатысқаны" жазылған. Кадрларда америкалық елшіге киіз үй тігуді үйретіп жатқанын көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz)

Елшілік те Абайдың сөзін келтірді.

"Басқа халықтардың тілі мен мәдениетін зерттеген адам олардың арасында тең болады", - делінген жазбада.

Бүгін қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, философ, ағартушы және композитор Абай Құнанбаев күні атап өтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная