АҚШ-тың Frontier Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ пышақ ұстаған жолаушыға байланысты дереу апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған, - деп хабарлайды New York Post (NYP) газеті әуетасымалдаушы компанияның ресми өкіліне сілтеме жасап.
Оқиға өткен аптада Цинциннатиден Тампаға бара жатқан ұшақ бортында болған. Басылым мәліметінше, ұшу кезінде жолаушылардың бірі өзін агресив ұстаған: бастапқыда ол бортсеріктермен ұрысқан, сосын басқа жолаушылар мен экипаж мүшелерін пышақтаймын деп қорқытқан.
Ұшақтағы дүрбелең жағдайға байланысты лайнер капитаны дереу Атлантаның халықаралық Хартсфилд-Джексон әуежайына қону шешімін қабылдаған. Ұшақ жерге қонғанда ер адамды полиция алып кеткен.
"Ұшақ аман есен Атлантаға қонды, сосын қоқан-лоқы көрсеткен ер адамды құқық қорғау органдары қамауға алды", - деді Frontier Airlines әуекрмпаниясының өкілі Дженнифер Де Ла Круз.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.