Ақмола облысында вагондар рельстен шығып кетті

Ақмола облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 16 қарашада сағат 12:50-де Астана – Қарағанды ​​учаскесінде болған.

"Жүк пойызының өтуі кезінде вагондардың рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Басқа пойыздарға кідіріс болған жоқ. Пойыздар іргелес жол бойымен жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Рельстен шығу салдарын жою үшін Астана және Қарағанды ​​станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!