Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде жұмыс істеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Қонаевта орналасқан мектептердің бірінде жедел алдын алу шарасын өткізу барысында ғимаратты жөндеу бойынша заңсыз еңбек еткен Нигерияның тоғыз және Камерунның екі азаматы анықталған.

"Елде болудың заңдылығын тексеру кезінде Африка елдерінен келген шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, яғни болу құқығының мерзімі өткеніне (виза) қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында болғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная