"Аэрофлот" Мәскеуден Қазақстанға тікелей рейстер ашады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото @Shutterstock Фото @Shutterstock

Ресейлік "Аэрофлот" әуекомпаниясы 23 сәуірден бастап Мәскеуден Қазақстанның алты қаласына тікелей тұрақты рейстерді іске қосады. Сочиге бұрын жоспарланған рейстер тоқтатылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тасымалдаушының ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік "Аэрофлот" әуекомпаниясы 23 сәуірден бастап Мәскеуден Қазақстанның алты қаласына тікелей тұрақты рейстерді іске қосады. Сочиге бұрын жоспарланған рейстер тоқтатылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тасымалдаушының ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Қарағандыға рейстер операторы "Россия" ("Аэрофлот" компаниялар тобына кіреді) әуекомпаниясы болады және ол Superjet 100 ұшағымен тасымалдайды. Қазақстанға ұшудың қолданыстағы кестесі әуекомпанияның сайтында жарияланған. Басты бетте Қазақстанның 11 қаласына ұшуды таңдауға болады.

7-22 сәуір аралығында Ақтау, Атырау және Ақтөбеден Сочиге жоспарланған әуе рейстері тоқтатылады. Ал 23 сәуірден бастап Сочи мен Алматы және Нұр-Сұлтан арасындағы ұшақтар ұша бастайды. Бұрын Сочиге аталған бағыттар бойынша тасымалдауды сатып алған жолаушылар балама ретінде Мәскеуге ұшып келу және Мәскеуден ұшып кетуге басқа күндерге ауыстыра алады немесе әуе билетінің құнын қайтара алады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная