Алматы әуежайы 13 қаңтардан бастап өз жұмысын жандандырады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
"2022 жылы 13 қаңтарда Алматының халықаралық әуежайы өз жұмысын жандандырады. Алдын ала мәлімет бойынша әуежай басшылығы ішкі және халықаралық рейстерді 8:00-ден 21:00-ге дейін әуекомпаниялардың ұшу кестесіне орай жүзеге асырады", - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, 6 қаңтарда Алматы әуежайына шабуыл жасалды, бұзақылар бес ұшақты басып алған. Кейінірек Алматының әуе айлағы бұзақылардан босатылды, алайда әуежайдың жұмысы 9 қаңтарға дейін тоқтады, сосын белгісіз уақытқа жабылды. 11 қаңтарда Алматы әкімі әуежайдағы құрылғылардың барлығы жөнделіп, жұмысы ретке келтірілгенін айтқан еді.