Vero Cell-мен вакциналаудың қазақстандық паспорты Таиландта жарамай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет @Shutterstock Көрнекі сурет @Shutterstock

Алматы тұрғыны Vero Cell вакцинасын алған. Әйел сол екпенің паспортымен Таиландқа демалысқа бара алмады. Құжатта вакцина өндірушісінің атауы Sinopharm екені көрсетілмеген. Kaz.tengritravel.kz тілшісі  Таиландқа туристерді вакциналаудың қандай паспортымен кіргізетінін анықтады.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны Vero Cell вакцинасын алған. Әйел сол екпенің паспортымен Таиландқа демалысқа бара алмады. Құжатта вакцина өндірушісінің атауы Sinopharm екені көрсетілмеген. Kaz.tengritravel.kz тілшісі  Таиландқа туристерді вакциналаудың қандай паспортымен кіргізетінін анықтады.

"Мен Спутник V вакцинасының екі компонентін алдым. Жұбайым Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасының екінші компонентін алуға мәжбүр болды және Таиландта осы компанияның вакцинасы қабылданғанына көз жеткізіп, біз бірден Таиландқа саяхатқа дайындалдық. Әйелім вакциналау паспортын алғанға дейін біз қолайлы билетті таңдап, соманың бір бөлігін төлеп, оны брондадық", - деді қазақстандық турист.

Туристің айтуынша, мәселе жұбайы вакциналау паспортын алған кезде пайда болған. Ол Таиланд ережелері талап еткендей толтырылмағаны анықталған.

"Біз екеуміздің вакциналау паспортымызды алып, оны туристік агентке құжаттарды дайындау үшін жіберген кезде, паспортта вакцинаның атауы дұрыс көрсетілмегенін - Sinopharm компаниясының аты жоқ екенін және Таиландта оны қабылдамауы мүмкін екенін түсіндірді", - деді ол.

Вакциналау паспорттарының скриншоттары: Таиландта қабылданған паспорт (өндірушінің атымен) - сол жақта, қабылданбаған жұбайының паспорты - оң жақта

Ерлі-зайыптылар сапарын тоқтатты. Ақшасы қайтарылды: сол күндерге билетті қайта брондаған жұп табылған.

Таиланд Корольдігі елшілігінің консулдық бөлімі вакцина салған компанияның атауы паспортта көрсетілмесе, ол жарамсыз екенін түсіндірді.

"Sinopharm деген өндірушінің атауы болмаса, вакцина паспорты қабылданбайды. Vero Cell вакцинасын Sinopharm компаниясы шығарғаны туралы мөр және қол қойылған анықтама алу қажет. Анықтаманы бірден ағылшын тілінде алуға немесе ағылшын тіліне аударуға және нотариалдық куәландыруға болады", - деп түсіндірді елшілік маманы Әсем.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная