SCAT және "Эйр Астана" өкілдері АҚШ-қа тікелей рейс туралы пікір білдірді

Қазақстандық әуекомпаниялар Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейстерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Каz.tengritravel.kz тілшісі.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, АҚШ-қа тікелей рейстерді "Эйр Астана" және SCАТ компаниялары орындайды.

"Эйр Астана" өкілдері ақпаратты растады.

"Біз бұл жағдайды 2025 жылы Boeing 787 ұшақтарын алғаннан кейін қарастырамыз", - деді компанияның баспасөз қызметіндегілер.

SCАТ компаниясындағылар әзірге тек жоспар екенін айтты.

"Компания Қазақстаннан америкалық континентке тікелей рейс үшін ұзаққа ұшатын әуе кемесін алуды жоспарлап отыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Бірақ компания өкілдері әуе кемесінің қашан алынатынын айтпады.

Айта кетейік, қазір Қазақстаннан АҚШ-қа дейін тек басқа елдер арқылы жетуге болады. Жол ұзақтығы тәулік уақытты алуы мүмкін. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!