Qazaq Air тағы да сатылымға шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ өзіне тиесілі Qazaq Air әуекомпаниясының 49-дан 100 пайызға дейінгі акцияларын ашық екі кезеңдік конкурс бойынша сатылымға шығарды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ өзіне тиесілі Qazaq Air әуекомпаниясының 49-дан 100 пайызға дейінгі акцияларын ашық екі кезеңдік конкурс бойынша сатылымға шығарды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Конкурстық құжаттамада анықталған сатып алушыға қойылатын талаптарға (біліктілік талаптарына) сәйкес келулері тиіс. Акциялардың бастапқы/ең төменгі бағасы : 10 200 000 000 (он миллиард екі жүз миллион) теңге. Конкурстың бірінші кезеңінде 2024 жылдың 29 қаңтарына дейін конкурстық өтінімдерді қабылдау рәсімі өтеді, ал екінші кезең бойынша конкурстың қорытындылары 2024 жылдың 16 ақпанында аяқталады.

Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарнаның (қамтамасыз етудің) көлемі - 173 400 000 теңге. Акцияларға меншік құқығы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес акциялардың құнын төлеу тәсіліне байланысты, сондай-ақ тараптар келіскен акцияларды сатып алу-сату шартының ережелерін ескере отырып берілетін болады.

Айта кетейік, осыған дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясы Qazaq Air әуекомпаниясын иелену шарттарын жариялаған еді. Алайда кейін Qazaq Air әуекомпаниясын сатып алу конкурсы өтпегенін мәлімдеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная