Qazaq Air әуекомпаниясы тағы да сатылмады

Қазақстандық Qazaq Air әуекомпаниясын тағы да сата алмады, бұл жағдай туралы толығырақ Tengritravel.kz баяндайды.

"Самрұқ-Қазына" холдингінің баспасөз қызметінің өкілдері қайталанған ашық конкурс өткізілмеген деп танылғанын мәлімдеді.

"Самұрық-Қазына" АҚ конкурс шарттарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты 2024 жылғы 9 қаңтарда жарияланған "QAZAQ AIR" АҚ-ның 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сату бойынша қайта жүргізілген ашық екі кезеңді конкурстың өткізілмегені туралы хабарлайды", - делінген релизде.

"Самұрық-Қазына" АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың акцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларының нормаларына сәйкес "QAZAQ AIR" АҚ-ын бәсекелестік ортаға беру мәселесін пысықтау бойынша одан әрі шаралар қабылдайтын болады.

Айта кетейік, 2023 жылы 9 қаңтарда "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ өзіне тиесілі Qazaq Air әуекомпаниясының 49-дан 100 пайызға дейінгі акцияларын ашық екі кезеңдік конкурс бойынша сатылымға шығарды. Акциялардың бастапқы/ең төменгі бағасы : 10 200 000 000 (он миллиард екі жүз миллион) теңге.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!