Muz Tau – бұл қонақтарға Шығыс Қазақстанның сұлулығын тамашалауға және қалалық қарбалас пен уайымнан алшақ уақыт өткізуге мүмкіндік беретін, табиғат жайлылықпен үйлесетін бірегей орын.
Таза ауа әуесқойлары үшін MuzTau эко-қонақүйі көптеген қызық: жаяу серуендеу, экскурсиялар, балық аулау, атқа міну және т.б. ұсынады. Сауықтыруды қалайтындар үшін марал панттарының емдік қасиеттеріне негізделген пантотерапияның ерекше процедуралары, сондай-ақ денеге пайдалы әсер ететін және иммунитетті күшейтетін саумалтерапия (қымыз емдеу) бар.
MuzTau эко-қонақүйіне келушілер тек жаңа және табиғи ингредиенттерді пайдаланатын қонақүй мейрамханасында әртүрлі тағамның дәмін көре алады.
Muz Tau-да демалу - бұл ересектерге демалудың жақсы мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар демалысты балалар үшін ұмытылмас етудің тамаша мүмкіндігі. Көптеген маршрут пен ойын-сауықтар ең кішкентай қонақтарға Алтайдың сұлулығына таңғалу үшін арнайы таңдалған.
MuzTau-ға келіңіз және өзіңізге, жақындарыңызға Алтайдың қақ ортасындағы шынайы демалыстан ұмытылмас әсер алыңыз!