Kids go Free: бағдарлама бойынша төлем ережелері өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Shutterstock @Shutterstock

Kids go Free бағдарламасы бойынша субсидиялар төлеу бойынша өзгерістер болды. Енді балаларға сатып алынған рейстерге ақшаны тезірек алуға болады. Бұл туралы Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстанның туристік қауымдастығына сілтеме жасап хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Kids go Free бағдарламасы бойынша субсидиялар төлеу бойынша өзгерістер болды. Енді балаларға сатып алынған рейстерге ақшаны тезірек алуға болады. Бұл туралы Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстанның туристік қауымдастығына сілтеме жасап хабарлады.

2022 жылдың басында Кids go Free бағдарламасы күшіне енді. Оның шарттары бойынша екі жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін ел ішінде әуе саяхаты тегін беріледі. Туристік жолдаманың құны балалар әуебилетінің құнын шегергенде төленеді. Ал төлем құжаттар топтамасын ұсынған кезде тікелей туроператорларға жөнелтіледі.

Ақпанда алғашқы жолдама сатылды, қыркүйекке қарай мыңға жуық бала демалыс бағдарламасымен ұшып кетті.

Енді мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №375 "Қазақстан аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуетасымалы кезінде туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Жаңа регламентке сәйкес субсидия сомасы тезірек - бұрынғыдай 45 емес, 25 жұмыс күні ішінде аударылады. Ал құжаттарды қарау олар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұйымдастырылуы тиіс. Өтінім бұрын 10 жұмыс күні ішінде қаралған болатын.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная