Instagram-дағы үздік бизнес-аккаунттар рейтингі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Instagram әлеуметтік желісінде парақшаларын қызықты жүргізетін, оқырмандарға сапалы контент ұсынатын бизнес-аккаунттардың рейтингі жасалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы КАЗГЮУ Университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Instagram әлеуметтік желісінде парақшаларын қызықты жүргізетін, оқырмандарға сапалы контент ұсынатын бизнес-аккаунттардың рейтингі жасалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы КАЗГЮУ Университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі оқырмандарының басым бөлігі – жас әрі әлеуметтік белсенді интернет пайдаланушылар. Жақсы имидж қалыптастыру компанияны дамытудың негізгі құралдарының бірі екені белгілі. Оқырмандарды парақшаларына қызықтыру үшін мамандар түрлі тәсілдерді қолдануда.

Wеproject.media интернет-басылымы SMM саласын жақсы меңгерген 10 үздік қазақстандық компанияны таңдады. Рейтинг нәтижесі бойынша М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Instagram-парақшасы  үздіктер қатарында.

Интернет-басылым жариялаған мақалада ЖОО аккаунты басқалардан несімен ерекшеленетіні жазылған: "Университет Instagrаm-парақшасын жүргізіп қана қоймай, студенттер мен болашақ түлектерге оқу орнының жаңа имиджін қалыптастыратын өзіндік медиасын ұсынады. Парақшасында студенттермен сұхбат, пайдалы кеңестер, күлкілі карточкалар мен оқу орны туралы маңызды ақпараттарды жариялайды".

Атап өтейік, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шығарған рейтинг нәтижесі бойынша КАЗГЮУ Университеті 2020 жылдың үздік жоғары оқу орны атанды. Зерттеу жұмыстары ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен жүргізілді. Рейтингке ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК мен қорғаныс министрлігіне қарасты университеттерден басқа барлық ЖОО қатысты.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная