Fly Arystan әуекомпаниясының паркі жаңа әуе кемесімен толықты. Бұл ұшақ авиакомпания паркіндегі 12-ші кеме және сыйымдылығы 188 орны бар алғашқы борт (әуекомпанияның қалған кемелерінің сыйымдылығы 180 орын), - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Қазақстандық алғашқы лоукостер FlyArystan әуекомпаниясы әуе флотын тікелей Тулуз қаласындағы өндіруші зауыттан келген жаңа Airbus A320 Neo ұшағымен толықтырды. Жаңа Neo ұшағы дыбыссыз әрі тиімді ғана емес, сонымен қатар экологияға әсері төмен болып келеді. 2016 жылдан A320neo үлгісінің ұшақтары пайдалануға берілгеннен бастап көміртегі диоксиді (CO2) көлемінің шығарылуы 15 миллион тоннаға кеміді. Ұшақ қанаттарының Sharklets пішіні (ағылшыннан "акуланың жүзбеқанаты"), тиімді қозғалтқыштары мен салонның жаңа модификациясы арқасында дыбыс деңгейі жартылай, ал отын шығыны 20 пайызға азайды. Сондай-ақ, ұшақ салонында үш әжетхана бар, оның біреуі мүмкіндігі шектеулі жандарға және балалы әйелдерге арналған.
"FlyArystan - Қазақстанның алғашқы бюджеттік әуетасымалдаушысы мен Орталық Азияның қолжетімді әуетасымалдаудың көшбасшысы. Жаңа Airbus A320 Neo 12-ші ұшақтың келуімен FlyArystan бағдарлар желісі кеңейіп, одан да көп қолжетімді саяхаттарды Қазақстан мен шетелге ұсынады. Ұшақта орындар саны 180-нен 188-ге өсуіне орай осы әуекеме қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға үлес қосады. Leo - тікелей өндіруші зауыттан келген тұңғыш ұшақ және жақын арада бұл тізім жаңа тағы да екі ұшақпен толықтырылатын болады. Бұл FlyArystan үшін қызықтарға толы өте әсерлі кезең», - деп FlyArystan-ның басқарушы директоры Эдриан Хамильтон-Маннс бөлісті.
Сурет Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінен
FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Мадина Бужинованың ойынша флоттың жаңаруы FlyArystan үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл отандық авиация үшін үлкен нәтиже. Себебі халықаралық нарықта заманауи және жас лайнерлердің қолданысы саланың жоғары даму көрсеткіші болып табылады.
"Жаңадан келген лайнеріміз шоқжұлдыздар есімдерімен аталмақ, Leo соның ішіндегі алғашқысы. Бұл шоқжұлдыздың астында ұлы жандар туған. Neo ұшағымыздың да саяхаты ұзақ, жұлдызы жарық жанады деген сенімдеміз".
Airbus A320Neo FlyArystan сипаттамасы:
- Бортта ауа баптау жүйесінің аса тиімді HEPA-фильтрлері 2-3 минут ішінде салонда толықтай ауаны тазалауды қамтамасыз етеді. Бұл ауаның бірқалыпты таратылуына және өтпе желдер болдырмауына кепіл береді.
- Жаңа тұтқалар светодиодтік көмескі жарықпен қатар орындықтардың біріктірілген нөмірлеуі жолаушыларға салонда орынға тез жайғасуға көмектеседі.
- Жаңа светодиодтік шамдар оқуға да, пайдалануда да тиімді және сенімді. Оған қоса бұл жарықтың түрі адам көзіне қабылдауға оңайырақ.
- Үнемді пайдалану шығындардың ұшақтың ТБмЖ-ға (техникалық байқау мен жөндеу) 5 пайыз, ал тікелей операциялық бір орынға шығындардың 14 пайыз төмендеудің арқасында жетеді.
FlyArystan – Қазақстандағы алғашқы бюджеттік лоукостері, алғаш рейсті 2019 жылдың мамыр айында орындаған. Қазіргі таңда FlyArystan әуе флоты Airbus A320 12 ұшақтарынан тұрады. Олар күнделікті 60 жуық рейстерді Қазақстан бойынша мен шетелге орындайды. Лоукостердің бағдарлар желісі 44 бағыттан, оның ішінде 28 ішкі мен 16 шетел бағыттардан тұрады. FlyArystan – Air Astana құрамындағы еншілес бөлімі. FlyArystan-ның халықаралық бағдарлар желісі Қазақстаннан тұрақты рейстерді Түркия, Грузия, Қырғыстан, Әзірбайжан мен Мысыр, БАӘ мен тағы басқа чартерлік рейстерден тұрады. Лоуксостердің мобильді қосымшасында негізгі мен қосымша қызметтері қолжетімді. 2022 ж тамызында лоукостер алғаш рейсті 2019 жылда орындағанан бері 7 миллионшы жолаушыны тасымалдады.